Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

155

Жерлесіміз тек Малинин мен Кагиямаға жол берді.  

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштікке енді Фото: gov.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) нұсқасы бойынша ғаламшардың ең мықты үш спортшысының қатарына енді. Жаңартылған жаңа әлемдік рейтингте олимпиада чемпионы 3918 балл жинап, үшінші орынға орнықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан америкалық фигурист Илья Малинин (4590 балл) көш бастап тұр, ал екінші орынға Жапония өкілі Юма Кагияма (4123 балл) жайғасқан.

Әлемдік табельдегі өзгерістер Қазақстанның басқа да спортшыларына қатысты болды. Әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда отандық спортшылар арасында ең үздік нәтижені Софья Самоделкина көрсетіп, 13-орынға көтерілді.

Мұздағы би спортынан Қазақстанның жетекші жұбы – Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев – ISU-дың жаңартылған тізімінде 44-ші орынға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу