Вице-президент Ерлан Қарин Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Маңғыстауда болған қайғылы жағдайға байланысты мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар мен шешімдерді жүзеге асыру, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды, – деді ол.
Айта кетейік, Каспийдегі қайғылы оқиға 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болды. Ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңіз ағызып әкетті.
27 қыркүйекте Каспийдегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан 14 сарбаз мемлекеттік наградалармен марапатталды.