Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

129

Спортшы бірлік-каноэде 500 метрлік қашықтықтың финалында бақ сынады.

Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді Фото: olympic.kz

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының спортшысы Мария Бровкова Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бестікке енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мария Бровкова қашықтықты 02:06.33 уақытта жүзіп өтіп, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады.

Алтын медаль канадалық София Дженсенге бұйырды - 02:00.78. Венгриялық Агнес Анна Кис мәреге екінші болып жетті – 02:02.80. Үздік үштікті Беларусь өкілі Алёна Ноздрева түйіндеді – 02:04.80.

Айта кетейік, бүгін, 29 тамызда Мария Бровкова Ульяна Киселевамен бірге екілік-каноэде 200 метрге жарыстың финалында өнер көрсетеді.

Бұған дейін Сергей Емельянов бірлік-каноэде 200 метрлік қашықтықта жетінші орын алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу