Себебі, Нидерландтың да, Марокконың да мундиалда жеткен аз-кем жетістіктері бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф сатысында Нидерланд пен Марокко кездесті.
Еуропалық ұжым F тобындағы 3 кездесуде 7 ұпай жинаған болатын. Екі жеңіс, бір тең ойынмен топта 1-орын алды.
Ал Марокко дәл сондай нәтижемен C тобында 2-орынға жайғасты.
Қазірге дейін әлем чемпионатында 12 мәрте доп теуіп жатқан нидерландтық футболшылар 1974, 1978, 2010 жылдары күміс жүлдеге ие болса, мундиалға 7 мәрте қатысқан Марокко 2022 жылы 4-орынды еншіледі.
Ойынның бірінші бөлігінде есеп ашылмады. Ал екінші таймда қос ұдым шабуылға жиі иек артты. Нәтижесінде Коди Гакпо таблоға өзгеріс енгізсе, 91-минутта марокколық Исса Диоп есепті теңестіріп кетті.
Ойынның негізгі кезеңінде 1:1 есебі тіркеліп, овертаймға жетті. Онда да жеңімпаз анықталмай, пенальти сериясына жалғасты. Марокко 11 метрлік айып соққысы сериясында жеңіске жетіп, 1/8 финалда бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
Жаза кеткен жөн, осыған дейін плей-офф кезеңінде Канада, Бразилия және Парагвай құрамалары қарсыласын қапы қалдырып, 1/8 финалға жолдама алды.