"Мәселені бірігіп шешейік": Нұрлан Ноғаев атыраулықтарға үндеу жасады

1201

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Мәселені бірігіп шешейік": Нұрлан Ноғаев атыраулықтарға үндеу жасады

"Бүгін түнде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Маңғыстау облысы және Алматы қаласында төтенше жағдай жарияланды. Бүгін таңертең еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен мемлекеттік органдардың басшыларымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында нақты тапсырмалар берілді. Қалыптасқан жағдайда, қысқа уақытта екі жаққа тиімді болатын жағдайда шешу жөнінде", – деді өңір басшысы.

Нұрлан Ноғаев тұрғындарды арандатушыларға ермеуге шақырды.

"Қазіргі таңда білместікпен немесе әртүрлі себептермен осындай шараларға қатысып жүрген азаматтар өз еркімен арандатушылыққа ермей үйлеріне қайту сұралады. Егер олар өз еріктерімен үйлеріне қайтса, қолданыстағы заңның аясында ешқандай шара қолданылмайды. Өз тарапымыздан барлық іс-әрекет қолданыстағы заңның аясында қатаң бақылауда бола отырып, жүзеге асырылатынын қаперде ұстау керек. Біз өз тарапымыздан қалыптасқан жағдайды тезірек шешуге және Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының аясында тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеу мәселелеріне ден қоямыз", – деді облыс әкімі.

Ол Президенттің тапсырмаларына сәйкес азаматтық және әскери объектілерді қорғау, ұйымдастыру жұмысы жүргізілетінін атап өтті.

"Сол объектілерде қандай да бір қастандық немесе жұмысына кедергі келтіретін мәселелерді болдыртпау жөнінде тапсырмалар берілді. Ардақты ағайын, бірігіп осы мәселелерді шешейік", – деді Нұрлан Ноғаев. 

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу