Мажарлар Қызылорда облысында 2 құрама жем зауытын салуға ниетті

269

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мажарстан елшісі Отто Иван Ронамен кездесті.    

Мажарлар Қызылорда облысында 2 құрама жем зауытын салуға ниетті Фото: gov.kz

Кездесуде аймаққа инвестиция тарту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақ пен мажар – түбі бір түркі жұртының ұрпақтары. Екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі әріптестіктің нәтижесінде Мемлекет басшыларының сапарлары дәстүрге айналды. Соның бір айғағы ретінде Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок мырзаның 2025 жылғы қазан айында Қазақстанға жасаған ресми сапарын ерекше атап өтуге болады. Инвестициялық ынтымақтастық бағытында да маңызды қадамдар жасалуда.

Өткен жылдың қараша айында UBM Group компаниясы мен еліміздің Сыртқы істер министрлігі және Kazakh Invest өкілдері арасында мазмұнды кездесу өтті. Жиын барысында UBM Group компаниясы Қазақстандағы премикс және құрама жем зауыттарын салу барысын таныстырды.

Компания жобаның екінші кезеңі аясында тағы 2 құрама жем зауытын салуға ниетті екенін растады. Бүгінде қалған екі зауыттың салынатын орны талқыланып жатқандықтан, жаңа өндіріс алаңы үшін ең тиімді аймақ ретінде Қызылорда облысын қарастыруды ұсынамын.

– Қазақстандық күріштің 90 пайызынан астамы облысымызда өндіріліп, алыс және жақын шетелдерге экспортталады. Сонымен қатар, аймақта сүт өндірісі, мал және құс шаруашылығы қарқынды дамуда. Бұл өз кезегінде құрама жемге деген сұраныстың артуына тікелей әсер етуде", – деді Н.Нәлібаев.

Басқосуда елші Байқоңыр ғарыш кешеніне жасаған сапары ерекше әсер қалдырғанын атап өтіп, алдағы уақытта инвестициялық ынтымақтастық бағытында нақты әрі маңызды қадам жасауға ниет білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу