Мәжіліс депутаты: "Сыбайлас жемқорлық балаларымыздың лайықты болашағын ұрлап отыр"

1385

ЖСДП фракциясының депутаттары жыл сайын Мәжілісте жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларының орындалуы бойынша есеп берілу керек деп есептейді.  

Мәжіліс депутаты: "Сыбайлас жемқорлық балаларымыздың лайықты болашағын ұрлап отыр" Фото: gov.kz

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Премьер-Министрдің атына тиісті депутаттық сауал жолдады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Көптеген адам үшін сыбайлас жемқорлық – уақытша нәрсе, тек белгілі бір қызметтер үшін шенеунікке ақша беру фактісі деп ойлайды. Бірақ объективті түрде қарасақ, сыбайлас жемқорлық дегеніміз бұзылып жатқан мектеп, аурухана, тұрғын үй кешені, жолдар және т.б. Яғни, сапасыз, аяқталмаған немесе мүлдем жоқ әлеуметтік инфрақұрылым нысандары", - деді ол.

Фото: Tengrinews.kz

Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлық экономикаға ғана емес, жалпы қоғамға да үлкен залал келтіріп жатыр.

"Мұның бәрі сауатсыздықтың көрінісі емес, бұл ұрлық, схемалар, тайдырулар. Барлығы билік органдарынан бастау алып жатқаны жасырын емес. Соңғы жағдайлар Қазақстан азаматтарын дүрліктірді. Талдықорған қаласындағы бухгалтер бюджеттен ақша ұрлау есебінен 2 млрд теңгеге байыды. және тағы 14 пәтер табылды. Алматы қаласында "Арт Спорт" жобасы бойынша бөлінген 20 млрд теңгеден шамамен 2 млрд-ы ұрланды", - деп атап өтті халық қалаулысы.

Сыбайлас жемқорлықтың басқа да түрлері толып жатыр, деді ол.

"Мысалы, Астана қаласының әкімдігі технологияларды бұза отырып, сапасыз салынған өзінің 100 нысанын белгіледі. Бірақ бұл ойға сиымсыз факт. Шенеуніктің өзі Комиссия технологияның бұзылуымен, инженерлік желілердің жүргізілусіз салынған үйлерді қабылдағанын мойындап отыр. Жыл соңында емханаларда тегін медициналық препараттардың жоқтығы. Барлығы есептелгенімен, пациенттер есепте тұрғанымен мұның бәрі қайда кетіп жатыр? Шын мәнінде сыбайлас жемқорлық сіз бен бізден тек қана ақша ұрлап отырған жоқ, балаларымыздың лайықты болашағын ұрлап отыр. Миллиардтарды ұрлағаны үшін адам 6 жыл алып, үш жылдан кейін мерзімінен бұрын босатылса, бұл әділетті ме? Ал журналистік қызметпен айналысатын адам 9 жыл ала алады? Бұл ретте көптеген адам өздерінің ұрлаған байлықтарын көрсетуден ұялмайды. Бұл – халыққа түкіру", - деді Нұрлан Әуесбаев.

Мәжіліс депутаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар үнемі жарияланып жатқанын, бірақ олар туралы есеп көрінбейтінін жеткізді.

"Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының депутаттары  жыл сайын Мәжіліс алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламалардың орындалуы туралы есеп берілуін, жемқорлық құқық бұзушылықтарды азайту және жою жөніндегі жоспарлардың алдын ала жазбаша түрде ұсынылуын талап етіп отыр", - деп қорытындылады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу