"Реал" футболдан Испания чемпионатының 10-турында сырт алаңда "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Килиан Мбаппе 41 және 87-минуттарда гол соқты. Ал "Барселона" сапында Рафинья 61-минутта ерекшеленді. "Реалдың" негізгі қақпашысы Тибо Куртуа тұмауға байланысты бұл кездесуге қатыса алмады.
Осылайша Мбаппе "Реал" сапындағы голдар санын 100-ге жеткізді. Франциялық шабуылшы клуб тарихында бұл межеге жеткен 24-ші ойыншы атанды. Ол командаға 2024 жылдың жазында ауысып келген болатын.
"Барселона" Испания чемпионатында маусым басынан бері қатар өткізген жеңісті матчтар саны бойынша "Реалдың" рекордын жаңарта алмады. Каталониялық клуб тоғыз кездесу бойы жеңіске жеткен болатын. "Реал" дәл осындай нәтижені 1968/69 жылғы маусымда көрсеткен еді.
Десек те, "Барселона" 27 ұпаймен Испания чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Ал "Реал" 24 ұпай жинап, 3-орыннан көрінді.
Келесі турда, яғни 31 қазанда "Барселона" өз алаңында "Алавесті" қабылдайды. "Реал" болса бір күннен кейін сырт алаңда "Расингке" қарсы ойын өткізеді.