Мбаппе осы маусымда жаңа нөмірмен жарқырайын деп тұр

Ол Модричтің орын басуға ниетті.  

Мбаппе осы маусымда жаңа нөмірмен жарқырайын деп тұр Фото: rbc.ru

Француз шабуылшысы алдағы маусымнан бастап мадридтік "Реал" сапында 10 нөмірмен алаңға шығады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Diario AS басылымы Килиан Мбаппенің осыған дейін Лука Модрич киген аты аңызға айналған жейдені өзіне қайтарғанын жазды. 

Еске салайық, ол "Реалдағы" дебюттік маусымында 9 нөмірімен ойнаған болатын. Бұл нөмір Кәрім Бензема кеткеннен кейін бос қалды. Десе де, бұл шешім бастапқыда уақытша қарастырылды. Испаниялық БАҚ нөмірді ауыстыру мәселесі екі тарап арасында келісілгенін және ресми түрде бекітілу сатысында екенін еске салды. 

Күні кеше AS басылымы тағы бір ресми ақпарат жариялады. Онда Килиан Мбаппенің жаңа маусымды 10 нөмірімен бастайтыны расталып отыр. Ол аталған нөмірдегі жейдені Франция ұлттық құрамасында да киеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу