"Мбаппе, Ямаль, Салах...": Бүгін "Алтын доп" иегері белгілі болады

Футбол жанкүйерлері үшін ең маңызды сәт саналатын марапаттау салтанаты Париждегі "Шатле" театрында өтеді.  

"Мбаппе, Ямаль, Салах...": Бүгін "Алтын доп" иегері белгілі болады Фото: olympics.com

Күллі әлем көз тігетін іс-шараны France Football журналы ұйымдастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиын Қазақстан уақытымен сағат 23:50-де басталмақ. Әлбетте, кештің негізгі марапаты – "Алтын доп".

Мұнан өзге бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталады:

  • Пушкаш сыйлығы (ең әдемі гол авторы);
  • Яшин сыйлығы (үздік қақпашы);
  • Мюллер сыйлығы (үздік шабуылшы);
  • Копа сыйлығы – (жас талант);
  • Сократес сыйлығы – (қоғамдық қызметі үшін);
  • Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер футболынан үздік жаттықтырушылар жарияланады.

Биылғы "Алтын доп" жүлдесіне ресми түрде 30 футболшы ұсынылып отыр. Сарапшылар басты фавориттердің де атын атаған.

Олардың қатарында:

  • Усман Дембеле (ПСЖ);
  • Ламин Ямаль ("Барселона");
  • Рафинья ("Барселона");
  • Килиан Мбаппе ("Реал");
  • Мохаммед Салах ("Ливерпуль");
  • Витинья ("ПСЖ").

Былтыр "Алтын допқа" "Манчестер Ситидің" және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри ие болды.

Бұл жүлдеге ең көп қол жеткізген футболшы – Лионель Месси (8 мәрте), одан кейін Криштиану Роналду (5 рет).

Айта кетейік, "Алтын доп" сыйлығы 1965 жылдан бері табысталып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу