"Реал Мадрид" клубы "Марсельді" әрең жеңді

176

Мадридтің "Реалы" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында Францияның "Марселін" тізе бүктірді.

"Реал Мадрид" клубы "Марсельді" әрең жеңді Фото: b92.net

"Сантьяго Бернабеудегі" тартысты матч 2:1 есебімен аяқталды.

Қонақтар сапынан Тимоти Веа 22-минутта есеп ашты. Бірақ көп ұзамай Килиан Мбаппе 29-минутта пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Ал 81-минутта дубль авторы атанып, мадридтіктерге жеңіс сыйлады.

Ойын барысында Даниэль Карвахаль 72-минутта алаңнан қуылып, "Реал" 10 ойыншымен қалды. Соған қарамастан, "корольдік клуб" жеңісті уысынан шығарған жоқ.

Келесі турда, 30 қыркүйекте, мадридтіктер Алматыда "Қайратқа" қарсы алаңға шығады. Ал "Марсель" өз алаңында "Аяксты" қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу