Медициналық оқу орындары ақша табуды емес, кадр даярлауды көздеу керек – Асхат Аймағамбетов

1201

Мәжіліс депутаты шетелдік түлектерді жиі оқуға тартатын медициналық жоғары оқу орындарының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медициналық оқу орындары ақша табуды емес, кадр даярлауды көздеу керек – Асхат Аймағамбетов Фото: informburo

Ол бұл бағыттағы жұмысты өзгертіп, қайта қарау керектігін жеткізді.

"Медициналық жоғары оқу орындарының коммерцияға аса қызығушылығын көріп отырмын, әсіресе өңірлерде. Олардың дені Қазақстанның азаматтары емес. Осы орайда, медициналық жоғары оқу орындары ақша табуды емес, басты миссиясы - еліміз үшін кадрлар даярлау екенін түсінуі керек. Бұл дәстүр басқа да университеттерде байқалады, ойға сыймайтын дүние", - деді Асхат Аймағамбетов.

Одан бөлек, халық қалаулысы МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінің жұмысына тоқталды.

Асхат Аймағамбетов аталған қор жұмысын тиісті қалыпқа келтіріп, халықтың сеніміне кіру қажеттігін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу