banner

Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна 195,7 млрд теңгеге жетті

4629

Ең төменгі көрсеткіш Шымкент қаласында.

Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна 195,7 млрд теңгеге жетті

Биылғы шілде айында медициналық сақтандыру қорына 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры".

Қордың мәліметінше, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 шілде аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 195,7 млрд теңгені құрады.

Жиналған қаражаттың шамамен 95,5%-ы, яғни 186,9 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 4,5%-ы, яғни 8,8 млрд теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бірінші орында бұрынғыша Алматы қаласы. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы үздік үштікте.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген, деп жазады әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

 Дереккөз: медициналық сақтандыру қоры

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу