Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік боксшыны жеңді

1953

Ол рингке бір жылдан астам уақыт шықпаған.

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік боксшыны жеңді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой рингтегі 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жек Екатеринбургте өтті. Мейірім ресейлік Илья Баландинге қарсы рингке  шықты. Кездесу сегіз раундқа есептелген болатын және боксшылар соңына дейін жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Бір қызығы, кездесу аяқталуға 10 секунд қалғанда Баландиннің капасы ұшып кетті. Бірақ, соған қарамастан төреші жекпе-жекті тоқтатпады.

27 жастағы Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте барлығы 14-жекпе-жек өткізіп, барлығында да  жеңіске жетті. Оның ішінде сегізі нокаутпен аяқталған. 28 жастағы Баландин төрт рет жеңіске жеткен және бір кездесуін тең нәтижемен аяқтаса, бұл жолы төртінші мәрте қарсыласына жеңіліп қалды.  

Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтанов рингке бір жылдан астам уақыт шықпаған. Оның соңғы жекпе-жегі 2019-жылы 2-қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтті. Онда қазақстандық АҚШ-тың WBC (USNBC) орта салмақтағы чемпионы атағын жеңіп алды.

Жалпы, бұған дейін Мейірім Нұрсұлтанов әуесқой бокста да айтарлықтай жетістіктерге жете білді. 16 жасында Қазақстан чемпионатында топ жарып, бір жылдан соң Азия жастары арасында жеңімпаз атанды. Ал 19 жасында ересектер арасында Қазақстан біріншілігінде қола жүлдені қанжығасына байлады. Араға екі жыл салып өз салмағында қарсылас шыдатпайтындай деңгейге жетті. Соңғы 4 жылда кәсіпқой боксқа ауысып, АҚШ-та жаттығып жүр. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу