Мексика 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчында жеңіске жетті

Алаң иелері Оңтүстік Африка құрамасымен өзара мықтыны анықтаған.   

Мексика 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчында жеңіске жетті Фото: rusfootball.info

Ойын Мексика астанасы Мехико қаласындағы "Ацтека" стадионында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ойыны қорытындыланды. 

Матч барысында қос құрама тезірек гол соғуға тырысқандай. Өйткені, ойын мәнері жылдам басталды. Сол себепті де, мексикалықтар сапынан Хулиан Киньонес 9-минутта қақпа торын тулатты. Осы голдан соң африкалық құрама таразы басын теңестіруге тырысса, мексикалықтар есепті еселеудің қамымен жүрді. 

Екінші тайм (49-минут) ешкім күтпеген қарқында басталды. Оңтүстік Африка сапынан Яя Ситхоле қызыл қағаз алса, 67-минутта мексикалық шабуылшы Рауль Хименес есептегі басымдықты ұлғайтты. Ал ойынның 84-минутынла Оңтүстік Африка сапынан Тхемба Зване, 92-минутында мексикалық Сесар Монтес алаңнан қуылды. 

Екінші турда (19 маусым) Мексика Оңтүстік Кореяға қарсылас атанса, 18 маусымда Оңтүстік Африка құрамасы Чехиямен шеберлік байқасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу