Мексика футболдан әлем чемпионатын өткізе ала ма?

FIFA президенті Джанни Инфантино мен Мексика президенті Клаудия Шейнбаум телефон арқылы сөйлесті.

Мексика футболдан әлем чемпионатын өткізе ала ма? Фото: championat.com

Сөйлесудің басты тақырыбы 2026 жылғы жаһандық доп додасына дайындық барысына арналған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шейнбаум мұны ресми растап, қос тарап турнирді табысты өткізу үшін барынша жұмыс жүргізетінін мәлімдеді. 

Ал Инфантино әңгіме барысында Мексикаға толық сенім білдіретінін, елдің жоспарланған матчтарды өткізуіне күмән жоқ екенін айтқан. 

Бұл туралы FIFA президенті әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

– Бүгін Мексика президенті Клаудия Шейнбауммен тамаша әңгіме өрбіді. Біз қабылдаушы елге толық сенім білдіретінімізді тағы да жеткіздім. Бүгінгі күнге дейінгі ең ауқымды әрі инклюзивті FIFA әлем чемпионаты болғалы отырған бұл турнирдің барлық жоспарланған матчын асыға күтеміз, – деді ол. 

Еске салайық, соңғы апталарда есірткі картельдеріне қарсы операциядан кейін бірқатар аймақта зорлық-зомбылық күшейгені халықаралық алаңда алаңдаушылық туғызған еді. 
Осы себепті телефон тілдесуінде қауіпсіздік басты тақырыптардың біріне айналды. Өз кезегінде Шейнбаум Мексикада турнирге қатысушыларға және туристерге еш қауіп жоқ екенін жеткізді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу