Мексика құрамасының жеңісін тойлау кезінде 3 жанкүйер қаза тапты

483

Қаза тапқандар арасында 48 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адам және 19 жастағы бойжеткен бар.  

Мексика құрамасының жеңісін тойлау кезінде 3 жанкүйер қаза тапты Фото: REUTERS/Luis Cortes

Мексика астанасы Мехикода ұлттық құраманың жеңіс тойы қайғылы оқиғамен аяқталды. Эквадорды жеңгеннен кейін көшеге шыққан жанкүйерлер арасында 3 адам тұншығып көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мексиканың плей-оффтағы жеңісінен кейін Мехико орталығына жанкүйерлер көптеп жиналды.

Сондай-ақ ондаған адам түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген. Оқиға кезінде жедел жәрдем қызметкерлері қаланың әр бұрышында ес-түссіз жатқан адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда дәрігерлер 3 адамның өмірін сақтап қала алмады.

Мехико қаласының мэрі Клара Бругада қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қала әкімдігі қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол тұрғындарды жеңісті тойлау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, өзгелерге құрметпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, Мексика құрамасы Эквадорды 2:0 есебімен жеңіп, 1986 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матчта жеңіске жетті. Осылайша команда турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу