Мексиканың қарулы күштері елдегі ең ірі наркокартельдердің бірінің жетекшісі "Эль Менчоның" көзін жойды.
Оның қазасы жаппай тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылықтың өршуіне алып келді. Мексикадағы ахуал ФИФА басшылығын алдағы 2026 жылғы футбол әлем чемпионаты қарсаңында жіті бақылауда ұстауға мәжбүр етті.
Айта кетейік, 2026 жылғы мундиаль АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтуі жоспарланған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында ФИФА Мексиканың турнирді қабылдаушы ел мәртебесінен айырылуы мүмкін деген сценарийді қарастырып жатқаны туралы ақпарат тарады. Дегенмен, бүгін Мексика президенті Клаудия Шейнбаум ресми мәлімдеме жасап, әлем чемпионатын өткізуге қатысты "ешқандай қауіп жоқ" екенін айтты. Оның сөзінше, турнирді бастапқы жоспар бойынша ұйымдастыруға "кепілдік бар".
Қазіргі таңда турнирді басқа елге көшіру жөнінде нақты шешім қабылданған жоқ. Дегенмен, ФИФА үшін басты өлшем – командалардың, жанкүйерлердің және турнирге қатысушы барлық тараптардың қауіпсіздігі. Егер қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тұрақтылық қамтамасыз етілсе, турнир жоспар бойынша өтеді. Ал жағдайда ахуал ушықса, плей-офф кезеңінің географиясы өзгеруі мүмкін.