Мектеп директорларының жалақысы ұстаздардың еңбекақысынан төмен болатын жағдай жиі кездеседі – Асхат Аймағамбетов

3217

Білім беру ұйымдарының директорлары қызметке қалай тағайындалады деген сұраққа онлайн форматта өткен республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында жауап берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Мектеп директорларының жалақысы ұстаздардың еңбекақысынан төмен болатын жағдай  жиі кездеседі – Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, биыл күзден бастап білім беру ұйымдары директорларын қызметке тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі.

"2021 жылдың қыркүйегінен білім беру ұйымдары директорларын қызметке тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Осыған қатысты көптеген сұрақтар болған еді. Ұйым жетекшісі бір орында 25-30 жыл қатарынан қызмет ететін оқиғалар кездесіп жатады. Дегенмен олардың жұмысынан нәтиже болмайтын жағдайлар да байқалып отыр. Сондықтан тағайындаудың жаңа жүйесі ең маңызды сұрақтарға жауап береді деп ойлаймын", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі де өзгеретінін айтты. 

"Қазіргі кезде мектеп басшыларының жалақысына қатысты мәселе өзекті болып тұр. Жалақының қазіргі деңгейі бәсекеге қабілетті менеджерлерді басшылық қызметке баруға қызықтырмайды. Жалпы, үздік педагогтар мектеп директоры немесе оқу ісінің меңгерушісі лауазымына бармай жатады", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Министр мектеп директорларының жалақысы ұстаздардың еңбекақысынан төмен болатын жағдай  жиі кездесетінін мәлімдеді. 

"Бұл тұрғыда тәуекел деңгейі әртүрлі екені белгілі. Білім министрлігі мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу