Мектепте смартфон қолдануға бола ма: Оқу-ағарту министрлігі өзінің ұстанымын білдірді

554

Білім ордалары ішкі тәртіп ережелері арқылы ұйымдастыру мәселелерін дербес шешуі тиіс.  

Мектепте смартфон қолдануға бола ма: Оқу-ағарту министрлігі өзінің ұстанымын білдірді Фото: shadr.info

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мектептерде ұялы телефонды пайдалану тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Министрлік әзірлеген ережелерде балалардың оқу процесі кезінде ұялы телефонды пайдаланбайтыны нақты белгіленген. Яғни, балалар оқу процесі кезінде ұялы телефон қолданбайды. Оқу бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді жоспарлауда телефонды пайдалану қарастырылған жағдайларда пайдалануға болады", – деді вице-министр.

Журналистер "Үзіліс кезінде телефон қолдануға бола ма?" деп нақтылады.

"Біз бірыңғай талаптарды әзірледік. Оған сәйкес, білім беру ұйымдары өздерінің ішкі тәртіп ережелері арқылы барлық ұйымдастыру мәселелерін өздері реттейді", – деді спикер.

Шынар Ақпарованың сөзінше, оқушылар ұялы телефондарын сыныптарында немесе арнайы жәшіктерге тапсыруы мүмкін. Бұл мәселелерді мектептердің өздері шешеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу