Мектептегі мұғалім індет жұқтырып алса қайтпек

Биыл Алматыда 1-сыныпқа 30 мыңға жуық бала барады. 

Мектептегі мұғалім індет жұқтырып алса қайтпек

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында мегаполис білім ордаларының жаңа оқу жылында дайындығы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Айтуынша шаһарда 287 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 207 мемлекеттік және 80 жеке меншік. Алдын ала болжам бойынша 2021-2022 оқу жылында 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін 300 мыңға жуық оқушы барады. Ал 1-сыныпқа 30 мыңға жуық бала қабылданған. 

"Осы оқушыларға арналған алғашқы қоңырау мектеп аумағында ашық алаңда өтеді. Барлық мектептің 1-сынып оқушыларына Әліппе табыс етіледі. Оқушыны қолдап келетіндер саны шектеулі болады. 2-11 сынып оқушылары үшін бекітілген кабинеттерде сынып сағаты өтеді", – деді басқарма басшысы. 

Бұл ретте Ләззат Жылқыбаева мектеп формасына қойылатын талаптарға тоқталды. Білім ордасына классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге рұқсат етілгенін атап өтіп, коронавирусқа байланысты болуы мүмкін келеңсіз жағдайларға тоқталды. 

"Иә, бұған дейін оқушылар немесе олардың жақындары сырқаттанып қалса, байланыста болған адамдар оқшауланатынын атап өткенбіз. Ал мұғалім коронавирус жұқтырса не істейміз? Мұндай жағдай да болуы мүмкін. Ол үшін әр мектепте мұғалімдердің резервтік тобы құрылады. Ол білім мекемесіндегі оқушылардың санына қарай әртүрлі болады. Мәселен, бастауыш сыныпта кемінде 2-3 мұғалім резервте болады. Сонымен қатар Алматыда екі педагогикалық жоғарғы оқу орны бар. Біз бұл білім ордаларымен де байланыстамыз", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу