Мемлекет басшысы Каспийдегі оқиғадан кейін Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі қызметінен босатты

818

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Каспийдегі оқиғадан кейін Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі қызметінен босатты Фото: zakon.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Еске салайық, Дәурен Қосанов 3 қыркүйекте Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалған болатын.

Бұған дейін Президент Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрған еді.

24 қыркүйекте Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметші ашық теңізге кетіп қалған. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу