Мемлекет басшысы Сингапур Президентін құттықтады

166

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен оның отандастарын Сингапурдың ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Сингапур Президентін құттықтады Фото: Ақорда

Президент жеделхатта бұл мереке Сингапур халқы үшін ұлттық бірліктің, мемлекет дербестігінің және орнықты дамудың айшықты белгісі ретінде ерекше мәнге ие екенін атап өткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қазақстан мен Сингапур арасындағы достыққа және өзара түсіністікке негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді, – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Сингапур халқына құт-береке тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу