Мемлекет елдегі экоқұрылысты ынталандыра ма

4099

Әлде "жасыл" құрылыс ЭКСПО-мен бірге аяқталғаны ма?

Мемлекет елдегі экоқұрылысты ынталандыра ма

KazGBC-тың "жасыл" құрылыс жөніндегі кеңес директоры Данияр Әзімхан Қазақстанда "жасыл" құрылыс жаппай сипатқа ие болған жоқ және мемлекет тарапынан үлкен қолдауды қажет етеді деп есептейді. Ол бұл туралы abctv.kz-пен болған сұхбатта тілге тиек етті.

– Құрылыста қандай "жасыл" технологиялар дамып жатыр?

– Экономикалық тиімділігіне байланысты енгізіліп жатқан танымал технологиялар бар. Қымбат технологиялар тұрғын үй секторында кеңінен қолданылып отырған жоқ. Мұндай шешімдердің пулы қазіргі уақытта кеңінен интеграцияланып жатқан жоқ. Әлемде "жасыл" құрылыс мемлекеттің, субсидиялар мен арзан кредиттердің арқасында дамып жатыр. Бұл жерде қалалық желілерге түсетін жүктемені азайтатын жабдықтарды орнату мен оларға қызмет көрсетуге ұсынылатын кредит көздері жайлы айтып отырмыз. Яғни оның көмегімен энергия аз тұтынылады.

– "Жасыл" құрылысты дамытуға қатысты жеке бағдарлама керек деп ойлайсыз ба?

– Бағдарлама қажет және ол артықшылықтар мен жеңілдіктерді ұсынатын қолдау болу керек деп есептеймін. Бізде ҚИК пен ТҚЖБ әлеуметтік желіні белгілі бір бағада сатып алып, оны мұқтаж адамдарға бөліп беретін тәжірибе бар ғой. Кореяда да осындай мемлекеттік бағдарламалар бар. Оларда "жасыл" ғимарттарды жалға берген компаниялар 3%-ға қымбат бағаланады. Соның нәтижесінде "жасыл" құрылыс жаппай жүрді.

Сонымен қатар "жасыл" ғимараттар иелері үшін салықтық жеңілдіктерді қарастыру керек. Қалай болғанда да, біз әлем болып "жасыл" құрылысқа келеміз, өйткені оның қажет екенін түсінетін боламыз. Алайда бұл шаруа мемлекет белсенділік танытса ғана жылдам жүреді.

– "Жасыл" технологияларды қолданғанда құрылыстың өзіндікқұны қаншаға өседі?

– Қымбаттауға қатысты бір санды атауға болмас. Мәселен, LEED сертификаттау жүйесі күміс, алтын, платиналық деңгейге ие дейік. Әдетте, "сертификатталушының" дәрежесі жаңа ғимараттарға шығын әкелмейді. Яғни, егер девелопер "жасыл" нысан салғысы келсе, онда ол сертификаттауға мән беріп дұрыс жобалау жұмысын дер кезінде бастауға тиіс. Көбінесе олар ресурстарды қайта құруға мүмкіндігі болады, бұдан өзіндікқұн төмендейді, яғни жобалау тәсілі құрылыс құнына әсер етеді. Егер әңгіме платиналық деңгей жайында болатын болса, онда, әрине, 40%-ға дейін қымбаттау мүмкін.

– Қазақстанда экоқұрылысты дамытудың қарқыны қандай?

– Құрылыста "жасыл" технологиялар ЭКСПО-ға дайындық кезінде көп қолданылды. Бүгінде еліміздегі "жасыл" нысандар тұрғын үй мен коммерциялық нысандарды қоса алғанда тек 1,5 млн шаршы метр ғана. Елімізде BREEM және LEED сертификаттарына ие әртүрлі мақсаттағы 50-ден астам ғимарат бар.

– "Жасыл" ғимараттарға сұраныс көп пе?

– Коммерциялық ортада, әсіресе премиум-сегментінде, атап айтқанда, бизнес орталықтарда  "жасыл" стандарттар трендке айналуда. Өйткені шетелдік компаниялар кеңселік кеңістікті жалға алғанда, халықаралық экологиялық стандарттар бойынша "жасыл" ғимарат деп танылған ғимараттарға таңдайды.

– Сіз премиум-сегмент жайлы айтып отырсыз, ал жалпы нарықтағы жағдай қандай? Қандай "жасыл" шешімдер кеңінен қолданылуы мүмкін?

– Мысалы, инфрақұрылымда кеңінен қолданыс табуда. Барлық жерде LED-жарықтандыру қолданылуда. Аталған технологияның дамығаны сонша тіпті бәсекелі ортаға айналды. Бүгінде қызу шамы мен сынапты шамдарды пайдаланудың мәні қалған жоқ.

– ҚНжЕ-дегі "жасыл" шешімдерді қолдануда талаптарды күшейту туралы ұсынысты қалай бағалайсыз?

– Бұл жерде теңдестіруді қажет ететін факторлар көп. Бірден талап етуге болмайды. Бұл капиталдық шығындарды бірден өсіріп жібереді де, экономиканың кей секторлары құлдырайды. Адамдар жұмыссыз қалып, яғни әлеуметтік шиеленісті тудыру қаупі бар. Мемлекеттің ұстанымы экономикалық көрсеткіштерге негізделу керек. Бұл ерікті сертификаттауды жоймайтын, біртіндеп ілгерлеп отыратын процес деп ойлаймын.

– Қазақстандық девелоперлер "жасыл" шешімдер қаншалықты қызығады? Елдегі нарықты дамытуға қатысты болжамыңыз қандай?

– Девелоперлер үшін "жасыл" шешімдер трендке айналуда, өйткені әлем осы бағытта жылдам өзгеруде. Барлық елде экологиялық ғимарттарға мән берілуде.

Экологиялық стандарт жөніндегі бүкіләлемдік кеңес 2050 жылға дейін барлық жаңа ғимараттар энергияны нөлдік қолданумен салынатын болады деген міндет қойып отыр. Технологиялық үрдіс бұған көмек болады. Бұрын қымбат болған технологиялардың бәрі қазір қолжетімді болғанын көріп отырмыз. Мысалы, фотокернеулі батареялардың бағасы жыл сайын төмендеуде. Яғни газға қосылғаннан гөрі күн панелінен жылу алатын қабырғаны қойған тиімді болады.

Карина Алимова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу