Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдері басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан басқосуда этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ерлан Қарин жаңа Конституцияның қағидаттары мен нормаларын нақты жүзеге асыруға және қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қатысты бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға ерекше назар аударды.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында нақты тапсырмалар берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу