Мерей Базарбаев еркін күрестен U23 жас санатында әлем чемпионы атанды

123

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Мерей Базарбаев еркін күрестен U23 жас санатында әлем чемпионы атанды Фото: t.me/DRSQazaqstan

Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шешуші жарыс күні еркін күрестен соңғы жүлделер сарапқа салынды. Қазақстан командасының спортшысы Мерей Базарбаев 57 келіге дейінгі салмақтың финалында Бекир Кесермен (Түркия) белдесіп, айқын басымдықпен жықты. Есеп: 8-0.

Осылайша, отандасымыз күрестің осы түрінен командаға жалғыз жүлдені сыйлады.

Мерейдің әлем чемпионатындағы жарыс жолы:

  • 1/8 айналым U23, U20 және U17 жас санатында әлем чемпионы Люк Лилледальді (АҚШ) ұтты. Есеп: 3-1.
  • Ширек финалда Расул Галбораевты (Франция) ұтты. Есеп: 13-2.
  • Жартылай финалда Даито Катсумені (Жапония) жеңді. Есеп: 7-0.

Жалпы Мерей Базарбаев осы жас санатында еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші палуанымыз. Қазақстанға тұңғыш алтынды 2024 жылы Албания астанасында Ризабек Айтмұхан (-97 келі) алып берген.

Биылғы Лас-Вегастағы бәсекені Ұлттық құрама барлығы 7 жүлде - 3 алтын, 1 күміс, 3 қоламен аяқтады.

Біздің жүлдегерлер:

  1. Айбек Айтбеков (-60 келі) грек-рим күресі;
  2. Юсуф Ашрапов (-72 келі) грек-рим күресі;
  3. Мерей Базарбаев (-57 келі) еркін күрес;
  4. Темірлан Тұрдақын (-87 келі) грек-рим күресі;
  5. Шұғыла Өмірбек (-55 келі) әйелдер күресі;
  6. Арсен Жұма (-55 келі) грек-рим күресі;
  7. Джохар Узаров (130 келі) грек-рим күресі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу