Меруерт Камалиденова шахматтан Әлем кубогінде қарсылас шақ келтірер емес

265

Турнир Грузияның Батуми қаласында өтуде. 

Меруерт Камалиденова шахматтан Әлем кубогінде қарсылас шақ келтірер емес Фото: fide_chess

19 жастағы қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова әйелдер арасындағы FIDE Әлем кубогының үшінші кезеңінде 16 жастағы ресейлік WGM Анна Шухманды 1,5:0,5 есебімен жеңіп, жарыстың 1/8 финалына шықты. 

Алғашқы партия тең нәтижемен аяқталса, екінші партияда Камалиденова сенімді ойын көрсетіп, қарсыласынан басым түсті.

Меруерттің келесі қарсыласы Үндістанның 24 жастағы гроссмейстері Вайшали Рамешбабу мен АҚШ-тың 21 жастағы халықаралық шебері Карисса Йип арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ. Бұл екі шахматшы алғашқы екі партияда тең ойнап, матч тағдыры тай-брейкте шешіледі.

Ал, 15 жастағы Елназ Қалиахмет үшінші кезеңде жарыс жолын аяқтады. Ол 19 жастағы өзбекстандық Умида Омоноваға 0,5:1,5 есебімен жол берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу