"Месси бірнеше рекорд жасаған матч": Аргентина Мысырды жарыс жолынан шығарды

Қос құрама арасындағы кездесу тартысқа толы болды.

"Месси бірнеше рекорд жасаған матч": Аргентина Мысырды жарыс жолынан шығарды Фото: Elsa/Getty Images

Месси бастаған ұжым Салахқа қарсы ойында біраз әбігерге түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, футболдан биылғы мундиальдың 1/8 финалында Аргентина құрамасы Мысырды 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты. 

Матчтың небәрі 15-минутында Яссер Ибрахим бұрыштамадан асырылған допты баспен қақпа торына бағыттады. Араға 4 минут салып Лионель Месси пенальти орындаса да, мысырлық қақпашы Мостафа Шобейр оны қайтара алды. Екінші таймның 67-минутында Мостафа Зико Мысырдың басымдығын ұлғайта түсті. 

Десе де, матчтың соңғы минуттарында Лионель Скалони шәкірттері керемет камбэк жасады. 79-минутта Мессидің әуелете асырған пасынан кейін Кристиан Ромеро баспен гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. 4 минуттан соң Месси өзі алыстан дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп – 2:2.

Жеңіс голы қосымша уақыттың 90+2-минутында соғылды. Лаутаро Мартинес оң қапталдан әуелете тамаша пас асырып, оны Энцо Фернандес баспен қақпаға тура бағыттады. Бұл гол Аргентинаға 3:2 есебімен жеңіс сыйлады. 

Месси бұзған рекордтар: 

  • Әлем чемпионатының үздік сұрмергені – 21 гол; 
  • Әлем чемпионатында ең көп голдық пас берген ойыншы – 9 ассист; 
  • Әлем чемпионатында ең көп ойын өткізген ойыншы – 31 матч; 
  • Әлем чемпионатында ең көп құрамаға гол соққан ойыншы – 15 құрама; 
  • Әлем чемпионатында қатарынан 9 матч гол соққан алғашқы ойыншы; 
  • ӘЧ плей-офф кезеңінде қатарынан 6 матч гол соққан ойыншы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу