Мундиаль барысында ерекше көзге түскен ойыншылар бірнеше номинация бойынша марапатталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Турнирдің үздік сұрмергеніне берілетін "Алтын бутсы" жүлдесін Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе иеленді. Ол әлем чемпионатында 8 матч өткізіп, қарсыластар қақпасына 10 гол соқты. Осылайша, француз шабуылшысы жарыстың ең нәтижелі ойыншысы атанып, кезекті мәрте өзінің жоғары деңгейін дәлелдеді.
Ал әлем чемпионатының ең үздік ойыншысына табысталатын "Алтын доп" сыйлығы Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родриге бұйырды. Ол алаңдағы сенімді ойынымен, көшбасшылық қасиетімен және ойын тізгінін ұстай білуімен ерекшеленіп, Испания құрамасының чемпиондық жолында шешуші рөл атқарды.
Үздік қақпашыға берілетін "Алтын қолғап" жүлдесін тағы бір испаниялық футболшы Унай Симон жеңіп алды. Қақпашы турнир барысында 8 матчтың 7-сінде өз қақпасын голдан аман сақтап, бар болғаны бір ғана доп жіберді. Оның сенімді ойыны Испанияның чемпиондық атаққа қол жеткізуіне үлкен үлес қосты.
Ал турнирдің үздік жас ойыншысы атағы Испания құрамасының 19 жастағы қорғаушысы Пау Кубарсиге берілді. Жас футболшы әлем чемпионатындағы барлық сегіз кездесуде толық матч өткізіп, қорғаныстағы тұрақты әрі сенімді ойынымен мамандардың жоғары бағасына ие болды.
Осылайша, ӘЧ-2026 турнирінің жеке марапаттарында Испания құрамасы басымдық танытты. Чемпион атанған команданың үш өкілі – Родри, Унай Симон және Пау Кубарси жеке номинациялар бойынша үздік деп танылса, "Алтын бутсы" Франция құрамасының жұлдызы Килиан Мбаппеге бұйырып оытр.