Аты аңызға айналған футболшы мұндай жетістікке Аустрия құрамасына қарсы ойында қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаза кеткен жөн, Мессидің бұл ойында да хет-трик жасайтындай мүмкіндігі болған. Бұған дейін оның Алжир құрамасының қақпасын 3 рет көздеп, Аргентинаға жарқын жеңіс сыйлағанын жазған едік.
Аустрияға қарсы ойында әуелі Лионель Месси 11 метрлік айып добын орындауда мүлт кетті. Десе де, 38-минутта сол олқылығының орнын толтырып, өз атына гол жазды. Ойының 95-минутында өзінің осы матчтағы екінші голын тойлады.
Осылайша, аргентиналық шабуылшы дублі арқылы әлем чемпионаты тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Ол осыған дейін 18 гол салған. Бұған дейінгі рекорд Германия құрамасының аңызы Мирослав Клозеге тиесілі болатын. Оның қоржынында 16 гол бар еді.