Месси мансабындағы 900-ші голын соқты

97

Аргентиналық шабуылшының ерлігіне қарамастан, "Интер Майами" КОНКАКАФ Чемпиондар кубогынан шығып қалды.

Месси мансабындағы 900-ші голын соқты Фото: sport5.by

Лионель Месси  "Интер Майами" сапындағы матчта кәсіби мансабындағы 900-ші голын соқты.

38 жастағы футболшы КОНКАКАФ Чемпиондар кубогының 1/8 финалында "Нэшвиллге" қарсы матчта есеп ашты. Месси кездесудің жетінші минутында қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Айта кетейік, аргентиналық жұлдыз клубтық деңгейде 785 гол соққан. Ал Аргентина құрамасы сапында оның еншісінде 115 гол бар. Ұлттық командамен бірге ол 2022 жылғы әлем чемпионы атанып, екі рет Америка кубогын жеңіп алған.

Месси "Интер Майами" клубында 2023 жылдан бері ойнап келеді. 2025 жылғы маусымда ол MLS чемпионы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу