Месси мен Роналду тұңғыш рет бір командада доп тебуі мүмкін

Қос футболшыға Аргентина құрамасының экс-шабуылшысы Карлос Тевестің қоштасу матчына қатысу туралы ұсыныс жасалып отыр.   

Месси мен Роналду тұңғыш рет бір командада доп тебуі мүмкін Фото: vietnam.vn

Әзірге жұлдызды ойыншылар мұны ресми түрде растаған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аргентиналық БАҚ Тевестің қоштасу матчы 2026 жылдың желтоқсанында Буэнос-Айрестегі әйгілі “Ла Бомбонера” стадионында өтетінін жазған. Кездесуді шабуылшының кәсіби мансабын ресми түрде қорытындылайтын үлкен футбол мерекесіне айналдыру жоспарланған.

Матчқа Тевестің әр жылдары бірге ойнаған командаластары мен жақын достары шақырылуда. Ұйымдастырушылар тіпті Месси мен Роналдуды бір құрамға қосуды көздеген. 

Жаза кетейік, Тевес Криштиану Роналдумен “Манчестер Юнайтедте”,  Лионель Мессимен Аргентина құрамасында бірге доп тепкен. Сол себепті, ол футбол тарихындағы ең әйгілі екі қарсыластың бір командада ойнауына мүмкіндік жасаған. 

Месси мен Роналду 20 жылға жуық уақыт бойы әлемнің үздік футболшысы атағы үшін тайталасып, түрлі турнирде бір-біріне 37 рет қарсылас атанды. Десе де, олар осыған дейін бір команданың жейдесінде өнер көрсетпеді. 

Месси мен Роналду Тевестің шақыртуын қабыл алса, спортсүйер қауым футбол тарихындағы ең көп күткен оқиғалардың біріне куә болуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу