Аргентина ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Исландиямен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ойын АҚШ-тың Алабама штатындағы Оберн қаласындағы "Джордан-Хара" стадионында өтті. Кездесуге америкалық төреші Розендо Мендоса қазылық етті.
Матчта Аргентина 3:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды Валентин Барко 8-минутта, Лионель Месси 72-минутта пенальтиден және Тиаго Альмада 86-минутта соқты. Сегіз дүркін "Алтын доп" иегері Лионель Месси жарақатынан айығып, екінші таймда 70-минутта алаңға қосылды.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Аргентина құрамасы J тобында Алжир, Австрия және Иорданиямен кездеседі.