Мессидің трансферіне кедергі келтірген тұлғаның аты аталды

Футболшының 3 жыл бұрын "Барселонаға" неге оралмағаны туралы ащы шындықты клубтың экс-бас бапкері Хави Эрнандес айтып берген. 

Мессидің трансферіне кедергі келтірген тұлғаның аты аталды Фото: REUTERS / Hannah McKay

Оның сөзінше, Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен соң Мессимен 4 ай бойы тұрақты байланыс жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Десе де, келіссөздердің соңғы кезеңінде "Барселона" президенті Жоан Лапорта Мессидің клубқа оралмайтынын нақты айтқан. 

– Мен оның қайтып келгенін қаладым және біз төрт ай бойы сөйлестік. Кейін Лапорта Мессидің оралмайтынын шешті. Болған жағдай – осы.

Мессиге мұның мүмкін емес екенін айту маған өте қиын болды. Оның да, менің де ынтамыз зор еді. Бірақ бір сәтте Лапорта бұл трансфер болмайтынын шешті.

Ол бізге командада қажет болды. Әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін Месси өте жақсы формада еді. Бұл өте өкінішті болды, – деді Хави.

Испаниялық маман жұлдызды ойыншының "Барселона" сапын толықтырып, командаға елеулі үлес қоса алатынына сенген. 

Дегенімен, келіссөздер бірнеше айға созылса да, Жоан Лапорта  Хавидің нұсқасына келіспейтінін ашық жеткізген. 

Сол себепті, Месси 2023 жылдың жазында "Барселонаға" емес, АҚШ-тың "Интер Майами" командасына ауысып кете барды. 2026 жылдың 16 қыркүйегінде аргентиналық футболшы "Интер Майами" тарихында 100 гол межесіне жеткен алғашқы ойыншы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу