Металл шығынның орнын толтыра алмады

29721

ForexClub-тың аптаға жасаған болжамы.

Металл шығынның орнын толтыра алмады

Өткен аптада Қазақстан теңгесінің долларға шаққандағы ресми бағамы 334,88 теңгеден 328,91 теңгеге, яғни 1,8%-ға түсті. Теңгенің өсуіне 20 желтоқсаннан бастап әлемдік нарықта доллар бағамының көптеген әлемдік валютаға қатысты құнының төмендеуі, сондай-ақ әлемдік нарықтағы мұнай бағасының тұрақталуы себеп болды.

Доллар индексі

Әлемдік валюта нарығына қатысушылардың көңіл-күйін бағдарласақ, мынаны байқауға болады, келер аптада доллар бағамы нарықтың барлық валютасына оның ішінде теңгеге қатысты өсуі мүмкін.

Әлемдік нарықта Америка мұнай институты (АМИ) және Америка энергетика агенттігінен (АЭА) түсетін мұнай қоры туралы апталық мәліметтен басқа маңызды оқиға жоспарда жоқ. Сондай-ақ жұма күні АҚШ мұнай бұрғылау мұнаралары санының өзгерісі бойынша апталық мәліметтер мәлім болады, бұған сәйкес оның саны 510-нан 523-ке дейін көбейеді деген болжам бар.

Алдағы жаңа жыл қарсаңындағы аптада мұнай мәселесі елеулі өзгеріске ұшырайды деп ойламаймыз және доллар/теңге валюта жұбының динамикасы доллардың әлемдік динамикасына қарай анықталады. Алдағы аптада Қазақстанда доллардың ресми бағамының өзгеру диапазоны 327-332 теңге болады деп болжанды.

АҚШ президентін ұлықтау рәсімінің алдында әлемде доллар бірқалыпты өседі деп жорамалдаймыз. Сонымен бірге Америка энергетика агенттігінің болжамына сәйкес мұнайға деген әлемдік сұраныс қараша айында ең аз шамасына жеткен және желтоқсан, қаңтар айларында ол көтеріле бастайды, бұл мұнай бағасына әсер етеді.

Сондықтан 2017 жылдың 20 қаңтарына дейін доллар/теңге жұбы 320-340 теңге диапазонында сақталады.

Мұнай

Brent мұнайының жақын арадағы диапазоны: 53,70-56,50. Келер аптада нарыққа әсер етуі мүмкін жаңалықтар қатарына АҚШ-тың коммерциялық қорлары жөніндегі есебін және Құрама штаттардағы мұнай өндіру мәліметтерін атап өтуге болады. Еске сала кетейін, өткен аптада EIA мәліметтері мұнай қорының 2,256 млн баррельге өскенін көрсетті. Егер бұл тенденция жалғасатын болса, Brent (BRN) диапазонның төменгі шегіне қарай жылжуы мүмкін.

Бірақ бұл қысқа мерзімді сатып алу үшін жағдай жасауы мүмкін. OPEC+ келісіміне қатысушы елдердің келісім шарттары сақталады деп нарықты сендіруге деген әрекетіне қарамастан, мұнай әлі де бір беррельге 55 доллар көрсеткішімен жылды аяқтайын деп тұр.

Металл

Металл шығынның орнын тағы да толтыра алмады. Күміс 15,626-ға дейін төмендеп, 8 айдың ішіндегі ең төмен көрсеткішін жаңартты. Алтын  троя унциясына 1125-1140 доллар диапазоны шегінде тұрақтала алды. Мұндай диамиканы жеңіл түсіндіруге болады. Америка реттегіші ақша саясатына қатысты басқыншылық ұстанымын білдіргеннен кейін, доллар нарықтың барлық саласына қатысты күшейе бастады және бұл әрекетін жалғастырып келеді. Оның үстіне өткен аптада 3-тоқсанның ЖІӨ жөніндегі соңғы мәліметтер жария болды, оған сәйкес өсім алдын ала болжамдардан (3,2%-ға қарсы 3,5 %) да асып түскенін көрсетті.

Бұл апта биылғы жылдың соңғы жұмыс аптасы болады. Әдетте бұл кезеңде нарықта белсенділік саябырлайды, себебі кей инвестор мереке тойлауға кетеді. Макроэкономикалық күнтізбеде де еш жаңалық жоқ. Бұның барлығы  металдарға көптен күткен түзетуді дамытуға мүмкіндік береді. Алтын унциясына 1152,80 доллар деңгейіне, күміс 16,190 көрсеткішіне қайта келуі мүмкін. Бірақ мереке қарсаңындағы нарықты ескерсек, қысқа мерзімді ауытқуларды есептен шығармаған жөн.

Өткен аптада да мыстың арзандауы жалғасты. Металл 1,67% жоғалтты.  Бұл Трамптың Америка экономикасына уәде берген жаңа инфрақұрылымдық жобалардан күтілген болжам нарыққа әсер еткеніне байланысты болды. Ендігі кезекте барлығы жаңа президенттің нақты қадамын күтеді. Одан бөлек соңғы кезде Азиядағы металл қорының ұлғайғаны байқалды, бұл да мыстың болашағына теріс әсер етті. Осылайша келесі аптада мыс әлі де 2,4640 деңгейіне бірқалыпты төмендеуі мүмкін.

Николай Ивченко, Ирина Рогова, ForexClub МК сарапшылары

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу