Мигель Анхель Лопес - нағыз көшбасшы

1437

Елордалық велоклуб сапында өткізген алты маусымнан кейін Мигель Анхель Лопес өзінің кәсіби мансабында жаңа қадам жасау үшін қазақстандық командадан кетті.

Мигель Анхель Лопес - нағыз көшбасшы

"Астана Про Тимде" Мигель Анхель жаңадан келген жасөспірім шағынан Әлемдік Турда өнер көрсететін команданың нағыз көшбасшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Бұл жол оңай болған жоқ. Көптеген қиындықтарды жеңіп, биіктерге жету үшін жарақаттар мен күйзелістерді бастан кешуіне тура келді. Мигель Анхельдің таланты болды және қазақстандық команда бүкіл әлемге осы талантын ашқанын мақтан тұтады. Ең беделді "Тур де л'Авенир" жастар жарысының жеңімпазы жас шабандоздың кәсіби спортқа ауысуы жарқын және есте қаларлықтай болды. Ол алғашқы жеңіске 2015-жылғы маусымда "Бургос Вуэльтасы" кезеңінде қол жеткізді. Содан кейін 2016 жылы Мигель Анхель "Швейцария турында" және Миландағы ең көне жарыс – "Милан-Туринде" жеңіске жетті.

Тізе жарақаты күрделене түсті. Бұл біраз уақытқа дейін шабандоздың одан әрі дамуын тежеді. Дегенмен, команданың қолдауымен Мигель Анхель Лопес барлық қиындықтарды жеңе білді. Сегіз ай қалпына келгеннен кейін бабына қайта оралды. 2017 жылы "Испания Вуэльтасының" екі кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есепте 8-орын иеленді. Келесі маусымда "Джиро д'Италия" мен "Вуэльтаның" жалпы есептерінде екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл шабандоздың Гранд-Турдағы әлеуетінің мықты екенін көрсетеді. Содан кейін "Колумбия турында", "Каталония Вуэльтасында" жеңістер болды. "Тур де Франстың" патшалық таулы кезеңінде де жетістікке жетті.

Осыған орай "Астана Про Тим" командасы шабандозға сәттілік тіледі.

"Бұл алты жыл керемет өтті. "Астана Про Тим" (2021 жылдан бастап Астана - PremierTech) Мигель Анхель Лопеске шын жүректен кәсіби мансабының жаңа тарауына сәттілік тілейді! Жолда кездескенше, чемпион!", - деп жазды елордалық велоклубтың баспасөз қызметі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу