Михаил Ломтадзе: Қазақстан цифрландыру бойынша тамаша нәтижелер көрсетуде

4765

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Үкімет отырысында сөз сөйледі

Михаил Ломтадзе: Қазақстан цифрландыру бойынша тамаша нәтижелер көрсетуде

28 маусымда Kaspi.kz  басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Үкімет отырысында сөз сөйледі. 

ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен отырыс цифрландыру мен IT саласын дамытуға арналды. 

"Бүгінде Қазақстан цифрландыру деңгейі мен мемлекеттік қызметтердің азаматтарға қолжетімділігі бойынша тамаша нәтижелер көрсетіп отыр", – деді Михаил Ломтадзе.

Жетекші технологиялық компанияның басшысы қазақстандықтар Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен 7 мыңнан астам қызметке комиссиясыз, онлайн төлем жасап, туыстары мен достарына ақша аударатынын, жеке қаржысын басқарып, әуе және ТЖ билеттерін сатып алатынын,  2 миллионнан астам тауарды тегін жеткізу қызметімен онлайн сатып алатынын айтты. 

Электронды коммерция және мобильді коммерция платформасына 125 мыңнан астам кәсіпкер қосылған. Олар Kaspi.kz көмегімен Қазақстанда сату көлемін арттырып, бизнесін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуда.

"Біз сондай-ақ мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметтерді азаматтарға мобильді қосымшаның экранынан онлайн режимде қолжетімді жасаймыз", – деді Михаил Ломтадзе.  – Бұл мемлекеттік органдардың цифрлық бастамалары мен табысты ынтымақтастығымыздың арқасында мүмкін болды".

Компания басшысы цифрлық бастамаларды қолдағаны үшін Қазақстан Президентіне, Премьер-Министрге, Үкіметке, Цифрландыру министрлігінің басшылығы мен қызметкерлеріне, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Білім министрлігі, Еңбек министрлігі, Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "ҰАТ" АҚ-на алғысын білдірді. 

"Бірігіп күш салмасақ, Қазақстандағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру қысқа мерзімде көрсетіп отырған фантастикалық жетістіктерге жете алмас еді", – деп атап өтті Михаил Ломтадзе.

2021 жылы 7 миллионнан астам қазақстандық Kaspi.kz қосымшасындағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінің қолданушысы болды. Kaspi.kz арқылы 446 млрд теңге салық төленген. Онлайн 286 000 көлік тіркелген – бұл елдегі әрбір үшінші көлік. 2 миллион қазақстандық цифрлық құжаттарды белсенді пайдаланады. 2021 жылы Kaspi.kz көмегімен 66 000 кәсіпкер ЖК ретінде тіркелді. Ал 2022 жылдың 5 айында өткен бір жылдағыдан көп кәсіпкер тіркелген. Сондай-ақ іске қосылғаннан бері 500 000 әлеуметтік шот ашылды.

Автокөлікті онлайн тіркеу – әлемде теңдесі жоқ бірегей процесс. Kaspi.kz мобильді қосымшасында қазақстандықтар көлікті сатады, сатып алып, қайта тіркейді, алымдар мен жарналарды төлеп, нөмір таңдай алады. Бұл қызмет Kaspi.kz, Цифрландыру министрлігі, Ішкі істер министрлігі, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "ҰАТ" АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. 

Сондай-ақ Kaspi.kz басшысы компанияның әсіресе кәсіпкерлер үшін ең заманауи төлем терминалдарын, бағдарламалық қамтамасыз ету мен төлем технологияларын әзірлегенін айтты. Терминалдар төлемді карталармен де, Kaspi QR арқылы да қабылдайды. 

"Біз қазірдің өзінде республика бойынша кәсіпкерлерге 276 мыңнан астам төлем терминалдарын тегін бердік. Бұл сауда-саттықтың қолма-қол ақшадан қолма-қол ақшасызға өтуі үшін бірегей платформа жасады. Соның нәтижесінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз тауар айналымы қарқынды өсуде. 2021 жылы ол 8,4 триллионнан астамды құрап, 85%-ға өсті, бұл әлемдегі ең жоғары өсу қарқынының бірі", – деп түсіндірді Михаил Ломтадзе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу