Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқы Олимпиада ойындарындағы сәтті өнерінің арқасында әлемнің үздік 3 мәнерлеп сырғанаушысының қатарына енді.
Алтын медаль жеңіп алғаннан кейін Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының рейтингінде 4 961 ұпаймен 3-орынға көтерілді.
Бұл рейтингтің көшбасшысы 5 410 ұпай жинаған америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин болып отыр. 2-орында 5 096 ұпаймен жапониялық Юма Кагияма орналасқан.
Айта кетейік, қысқы Олимпиададағы алтын медаль үшін Михаил Шайдоровқа мемлекет тарапынан 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Сонымен қатар, жүлдегерге II дәрежелі "Барыс" ордені табысталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу