Михаил Шайдоров әлемдік сыйлыққа үміткер атанды

116

ISU Skating Awards 2026 сыйлығының номинанттары жарияланды. 

Михаил Шайдоров әлемдік сыйлыққа үміткер атанды Фото: Риа Новости

Милан мен Кортинада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров "үздік костюм" аталымы бойынша үміткерлер қатарына енгізілді. Ол бұл номинацияға 2026 жылғы Олимпиадада көрсеткен өнері арқылы ұсынылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дауыс беру төрт аталым бойынша өтеді: үздік костюм, ең қызықты бағдарлама, үздік хореограф және үздік жаттықтырушы.

Ал америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин "үздік костюм" және "ең қызықты бағдарлама" аталымдары бойынша бірден екі номинацияға ұсынылды.

Жанкүйерлер арасындағы дауыс беру 18 наурызға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша әр аталымда үш финалист анықталады. Жеңімпаздар 29 наурыз күні Прагада өтетін әлем чемпионаты аясындағы банкетте жарияланады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы. Сондай-ақ ол – қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанға алтын медаль әкелген ел тарихындағы екінші спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу