Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері атанды

126

АҚШ-та мәнерлеп сырғанаудан Гран-придің бесінші кезеңі – Skate America турнирі өтіп жатыр.   

Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орынға ие болды. 

Қысқа бағдарламада спортшымыз үшінші нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада Шайдоров 161.42 ұпаймен бірінші орынға шықты.

Жалпы есепте ол 251.09 ұпай жинап, нәтижесінде екінші орынға тұрақтады. Франциялық Кевин Аймоз (253.53) алтын медальға қол жеткізсе, жапониялық Казуки Томоно (245.57) қола жүлдені иеленді.

Шайдоров бір маусымда Гран-при кезеңдерінде жеңіс тұғырына екі рет көтерілген Қазақстан тарихындағы алғашқы мәнерлеп сырғанаушы атанды. Әзірге Михаилдың Гран-при жарысының жалпы есебінде 24 ұпайы бар. 

Маусым соңында осы ұпайлар бойынша ең көп ұпай жинаған алты спортшы финалға өтеді. Бұл финал 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтетін Олимпиада ойындары алдындағы шешуші жарыс болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу