Михаил Шайдоров Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша үшінші орын алды

199

Олимпиада чемпионы Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті. 

Михаил Шайдоров Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша үшінші орын алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братиславада (Словакия) өтіп жатқан ISU Challenger сериясындағы халықаралық турнирде жаңа жарыс маусымын бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олимпиада чемпионы Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Шайдоров өз бағдарламасын орындағаны үшін 95,98 ұпай жинап, аралық есепте үшінші орынға жайғасты.

Қысқа бағдарламадан кейін 101,16 ұпай жинаған Евгений Семененко көш бастап тұр. Екінші орында – 99,10 ұпай алған Италия өкілі Даниэль Грассль. Ондрей Непела мемориалы Братиславада 24-27 қыркүйек аралығында өтеді. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger сериясына кіреді. Ал Шайдоров үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы ресми жарыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу