Михаил Шайдоров спорт мектебінің оқушыларына сыйлық жасады

264

Бұл туралы спортшы желідегі парақшасында жазды.

Михаил Шайдоров спорт мектебінің оқушыларына сыйлық жасады Фото: Әлеуметтік желіден

Мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров балалар күніне орай Алматы қаласындағы №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, оқушыларға сыйлық жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін Алматы қаласындағы №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мәнерлеп сырғанаумен айналысатын балалармен кездесіп, балаларды қорғау күніне орай кішігірім сыйлық – спорт құрал-жабдықтарын алуға сертификат сыйладым. Балаларды қуанта алғаным үшін ризамын! Біздің бірегей спорттағы балаларды әлі де көбірек қолдау үшін тырысамын, алға ұмтыламын", – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу