Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турниріне қатысады

208

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Братиславадағы Nepela Memorial жарысында өнер көрсетеді.  

Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турниріне қатысады Фото: pressball.by

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өтетін Nepela Memorial халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыс 24-27 қыркүйек аралығында өтеді. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger Series сериясының кезеңдерінің бірі саналады.

Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында бақ сынайды. Алдын ала жарияланған қатысушылар тізіміне 29 спортшы енген.

Братиславадағы бәсеке қазақстандық спортшы үшін жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турнир болмақ.

Михаил Шайдоров 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ақпанда ол ерлер арасындағы жекелей сында қос бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу