АҚШ-тың мәнерлеп сырғанаушысы Илья Малинин Милан мен Кортина-д’Ампеццода (Италия) өтіп жатқан Олимпиада ойындарының көрсетілімдік бағдарламасына қатысады.
Қысқа бағдарламадан кейін көш бастап тұрған Малинин Олимпиададағы басты фавориттердің бірі саналды. Ол өз өнерімен көрермендерді тәнті еткен еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше қателікке жол беріп, жалпы 264,49 ұпай жинап, 8-орынмен шектелді. Ал осы жарыста қазақстандық Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Илья Малинин бұған дейін АҚШ құрамасы сапында командалық турнирде алтын жүлдеге қол жеткізген.
Қысқы Олимпиада ойындарындағы гала-көрсетілім 21 ақпанда, сенбі күні өтеді.
Сондай-ақ, 21 жастағы спортшы наурыз айында Прагада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысып, әлем чемпионы атағын қорғауды жоспарлап отыр.