Михал Билек "Астанадан" кетеді

1712

"Астана" клубының жетекшілерінің айтуынша бас бапкер Михал Билек маусымға арналған жоспарды орындай алмады.

Михал Билек "Астанадан" кетеді

Чехиялық маман "Астанада" тек бір ойынға ғана қалады, - деп хабарлады журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында.

Оның айтуынша Билектің бапкерліктен кететіні туралы шешім қабылданған. Алайда бірнеше минуттан кейін бұл шешім өзгеріп шыға келді. Чехиялық маманға тағы бір ойын өткізуге  мүмкіндік берілді. Ертең, 22-тамыз күні Қазақстан премьер-лигасының 5-тур ойындары аясында "Астана" Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16:00-де "Оқжетпеске" қарсы кездесу өткізеді.

"Билекке қатысты шешім шығарылғанымен, ол біраз уақытқа тағы да қалуы мүмкін. Себебі "Астананың" басшылығы мен Билек келісім-шарт жасаған кезде, егер, маусымға арналған жоспарлар орындалмаса, чехиялық маман клубтан өтемақысыз кетеді деп келісілген. Алайда, енді Билек бес жалақы көлемінде өтемақы төлеуді талап етті және маусымға қойылған жоспарлар орындалмады деген шешіммен келіспей отыр. Осыдан кейін екі тарап бір шешімге келіп, клуб басшылығы бапкерге тағы бір мүмкіндік беруді жөн санады. Енді "Астананың" "Оқжетпеске" қарсы ойынынан кейін бас бапкерге байланысты нақты шешім шығады. Қысқасы, "Астананың" шешімі әр бір 30 минут сайын өзгеруде. Себебі елордалық команданың басшылығы өз бетімен шешім шығара алмайды. Олар "Самұрықтың" топ-менеджментінің шешімін күтіп отыр", - деп жазды Қожахмет.

Естеріңізге сала кетсек, 18 тамыз күні Беларуссияда өткен соңғы ойында "Астана" "Динамо-Брестке" ірі есеппен ұтылып, Чемпионадар Лигасынынан шығып қалды. Енді қазақстандық клуб Еуропа Лигасының екінші айналымында ойнайтын болды. Ал "Астананың" келесі қарсыласы 31-тамыз күні өтетін жеребе тарту рәсімінде анықталады.

55-жасар Билек  "Астананың" тізгінін қаңтар айында ұстаған болатын. Ол украиналық маман  Роман Григорчуктың орынына келген. Сондай-ақ Билек Қазақстан Ұлттық құрамасын да жаттықтырады. Оның жетекшілігімен еліміздің құрамасы Еуро-2020 ойындарына іріктеу барысында өз тобында соңғы орындардан көрінді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу