Михаил Ломтадзе "Жеңіс" клубының иесі атанды

133

Михаил Ломтадзе елордалық "Жеңіс" футбол клубына және Астанада әлемдік деңгейдегі балалар академиясын құруға инвестиция салады.  

Михаил Ломтадзе "Жеңіс" клубының иесі атанды Фото: kaspi.kz

Бүгінге дейін ол әлемдік деңгейдегі футбол академиясын құру жоспары туралы хабарлаған еді. Енді академияның Астанадағы "Жеңіс" футбол базасында салынатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Спорт кешенінде жас таланттар халықаралық стандарттар бойынша тегін жаттығады.

– Арманым – Қазақстанда және Англияда ең талантты жас футболшылар, болашақ жұлдыздар тәрбиеленетін әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру. Оқыту толығымен тегін болады. Жас спортшылар еліміздің және футболдың отаны – Англияның жетекші мамандарымен жаттығуға мүмкіндік алады, – деді Михаил Ломтадзе.

"Жеңіс" футбол клубының бас директоры Айдын Қожахметтің айтуынша, Михаил Ломтадзе сияқты инвестордың келуі клубтың дамуы үшін үлкен мүмкіндік.

– Біз футболдың болашағы балалардан, инфрақұрылымнан және заманауи әдістемелерден басталатынын бәріміз түсінеміз. "Жеңістің" бай тарихы бар және біз бірлесе отырып, клубтың бұрынғы даңқын қайтара алатынымызға және бүкіл қазақстандық футболдың жарқын болашағына үлес қоса алатынымызға сенімдіміз, – деді Ломтадзе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу