Гимнаст Милад Карими Бакудегі Әлем кубогы кезеңінде екінші медалін жеңіп алды

410

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды.

Гимнаст Милад Карими Бакудегі Әлем кубогы кезеңінде екінші медалін жеңіп алды Фото: olympic.kz

Отандасымыз кермедегі жаттығуда екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.

Финалда Карими төрешілердің шешімімен 15.033 ұпай жинап, 2-орынға ие болды.

Тан Цзя-Хун (Тайбэй) 15.366 ұпаймен 1-орынды иеленді. Үздік үштікті Анхель Барахас (Колумбия) түйіндеді – 14.400 ұпай. Ал Диас Тойшыбек 13.900 ұпай жинап, 4-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығулар бағдарламасында күміс жүлдеге ие болған еді.

Сондай-ақ бүгін, 8 наурызда ат снарядындағы жаттығулар бойынша ақтық бәсеке өтті. Бұл жаттығуда Нариман Курбанов 5-орын алса, Зейнолла Ыдырысов 7-ші нәтиже көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу