Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр.
Бұл жолы Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими керме жаттығуында топ жарды.
- Милад Карими - 14.466
- Георгиу Мариос - 14.066
- Ноэ Сейферт - 13.866
Айта кетейік, додаға 19 елден 91 қатысушы жиналды.
Каирдегі бұл жетістік Милад Каримидің 2025 жылғы табысты өнер көрсетуінің заңды жалғасына айналды.
Ол осы маусымда Дохада өткен Әлем кубогында еркін жаттығулар мен кермеде қос алтын медаль жеңіп алып, өзінің жоғары деңгейдегі шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Каримидің тұрақты әрі сенімді нәтижелері оны әлемдік гимнастикадағы жетекші спортшылардың қатарына қосып, алдағы халықаралық жарыстарда Қазақстанның басты үміті екенін айқындап отыр.
Осылайша, 25 жастағы қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңдеріндегі тоғызыншы алтын медальін жеңіп алды.