Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоровтың тарихи жеңісі Қазақстан құрамасының медаль кестесіндегі жағдайын айтарлықтай жақсартты.
Мәнерлеп сырғанаудан жеңіп алған алтын жүлденің арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есепте ТОП-15 қатарына енді. Қазіргі таңда ел қоржынында 1 алтын медаль бар және осы көрсеткішпен Қазақстан 15-орында тұр.
Көш басында 8 алтын, 3 күміс, 7 қола медальмен Норвегия келе жатса, Италия (6 алтын, 3 күміс, 9 қола) екінші, ал АҚШ (4 алтын, 7 күміс, 3 қола) үшінші орында. Франция, Германия, Швеция және Швейцария құрамалары да төрт алтыннан иеленіп, жоғары сатыларда орналасқан.
Шайдоровтың жеңісі - ел тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада алтыны. Бұл табыс Қазақстанның қысқы спорттағы беделін арттырып қана қоймай, медаль кестесіндегі орнын нығайта түсті.
Олимпиада ойындары жалғасуда. Ал қазақстандық спортшылар әлі де жүлде үшін таласты жалғастырады.