Милан-Кортина Олимпиадасы: бүгін қазақстандық спортшылар 4 спорт түрінен сынға түсуде

201

Қазақстандық спортшылар әзірге жүлдеге қол жеткізе алмады. 

Милан-Кортина Олимпиадасы: бүгін қазақстандық спортшылар 4 спорт түрінен сынға түсуде

Бүгін, 12 ақпан күні Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары бірнеше спорт түрінен сынға түседі. 

Сағат 15:30-да тау шаңғысынан супергигант бәсекесі басталды. Әйелдер арасында Александра Скороходова жарыс жолына шықты. 

Естеріңізге сала кетейік, Александра Скороходова қаңтар айында Поцца-ди-Фасса қаласында жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған болатын. 

16:15-те фристайл-могулдан ерлер арасындағы финалда Павел Колмаков жүлде үшін таласады.

17:00-де шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы жекелей сайыс бастау алады. Бұл додада Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко ел намысын қорғайды.

Кешкі 20:30-да конькимен жүгіруден 5000 метр қашықтықта әйелдер арасында Надежда Морозова жарыс жолына шығады. Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз 3000 метрде сынға түсіп, 6-нәтиже көрсеткен болатын. Сондай-ақ 1000 м қашықтықта да өнер көрсетті. 

Жарыстарды Qazaqstan, Qazsport, Khabar және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалуға болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу